
Узбекистанда ірі кәсіпорындар тарапынан банк несиелері мен сыртқы қарыздарды алу тәртібін реттейтін жаңа ережелер енгізілді. Енді мұндай қарыздарға тұрақты бақылау орнатылады.
Ұйымдар қаржылық қауіп деңгейіне қарай үш санатқа бөлінеді: төмен, орта және жоғары қауіп. Егер қауіп деңгейі төмен болса, кәсіпорынға жаңа қарыз алу бойынша шектеулер қойылмайды.
Орташа қауіп деңгейінде жаңа қарыз мөлшері қолдағы қарыздардың 5 пайызынан немесе 20 миллион АҚШ долларынан аспауы тиіс. Жоғары қауіп деңгейінде жаңа несие алу мөлшері қарыздардың 1 пайызынан немесе 5 миллион АҚШ долларынан аспауы керек және арнайы комиссияға хабарлана отырып жүзеге асырылуы қажет.
Егер кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарласа, комиссия ахуалдан шығу жолдарын ұсынуы мүмкін — мысалы, қолайлырақ шарттарда жаңа несие алу немесе төлем кестесін қайта қарау. Егер кәсіпорын комиссия шешіміне наразы болса, сотқа жүгіну құқығына ие.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.