date

Орталық Азия сауда көлемін $20 млрд-қа жеткізуді жоспарлауда

Орталық Азия сауданы $20 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр
Орталық Азия мемлекеттері өзара сауда көлемін $20 миллиардқа жеткізуді және «Made in Central Asia» бренді аясында өндірісті жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі хабарлады.

Аталмыш мәселе Ташкентте өткен Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сауда министрлері кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды. Іс-шараның мақсаты түрлі экономикалық салаларда сауда мен аймақтық ынтымақтастықты нығайту болды.

Кездесуде Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда көлемінің өсуі атап өтілді. 2017 жылы бұл көрсеткіш $3,2 миллиардты құраса, 2024 жылға қарай $6,9 миллиардқа жеткен.

Атап айтқанда, Қазақстанмен тауар айналымы $4 миллиардқа жуықтаған, Қырғызстанмен $700 миллионға, Тәжікстанмен $570 миллионнан асқан, ал Түрікменстанмен соңғы бес жылда екі еседен астам – $1,15 миллиард АҚШ долларына дейін өскен. Әзербайжанмен сауда көлемі жыл басынан бері 13 пайызға артқан.

Жиын қорытындысында қатысушылар экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кооперацияны дамыту жөніндегі келісімдерді қамтыған коммюникеге қол қойды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Орталық Азия сауда көлемін $20 млрд-қа жеткізуді жоспарлауда