date

SCAT Airlines Өзбекстанға жаңа рейстер ашады

SCAT Airlines Өзбекстанға жаңа рейстер ашады
Қазақстанның SCAT Airlines әуе компаниясы Түркістан Хазрет Сұлтан халықаралық әуежайынан Өзбекстанның Үргеніш, Бұхара және Самарқанд қалаларына жаңа тікелей әуе қатынасын іске қосуда. Билеттер сату басталып кетті.

Түркістан — Үргеніш — Түркістан бағыты бойынша рейстер 1 желтоқсаннан басталады. Бұл рейстер дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Түркістан — Бұхара — Түркістан бағыты 2 желтоқсаннан іске қосылады. Аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Түркістан — Самарқанд — Түркістан бағыты бойынша тұрақты рейстер 3 желтоқсаннан басталады. Бұл рейстер сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұйымдастырылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » SCAT Airlines Өзбекстанға жаңа рейстер ашады