Өзбекстанда доллардың ресми бағамы тағы да өсті

Өзбекстан Орталық банкі 1 маусымнан бастап қолданылатын шетел валюталарының өзбек сумына қатысты жаңа бағамдарын жариялады.
Соған сәйкес:
- доллар 4,11 сумға қымбаттап, 12 001,94 сум болды;
- еуро 5,99 сумға өсіп, 13 973,86 сум болды;
- рубль 0,64 сумға арзандап, 166,67 сумды құрады.
Бұған дейін доллар бағамы 18,19 сумға өсіп, 11 997,83 сумды құраған еді. Аталған валюта бағамы 15 мамырда 12 мың сумнан төмендеген болатын. Енді 1 маусымнан бастап доллар қайтадан 12 мың сумдық шектен асты.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз