date

Анчелотти Бразилиямен болашағына қатысты шешім қабылдады

Анчелотти Бразилиямен болашағына қатысты шешім қабылдады

Танымал бапкер Карло Анчелотти болашағына қатысты нақты шешім қабылдады. Globo Esporte мәліметінше, Бразилия футбол конфедерациясы мен италиялық маман ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге келген. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Дереккөзге сүйенсек, Анчелотти жаңа келісімшартқа ақпан айында қол қоюы күтіледі. Жаңа келісім шарттарына сәйкес, ол Бразилия ұлттық құрамасын 2030 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін басқарады.

Айтылғандай, Бразилия алдағы әлем чемпионатындағы нәтижелерге қарамастан, Анчелоттимен жұмысты жалғастыруға ниетті. Келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздер қазан айында басталып, өткен жылдың соңына қарай одан әрі жандана түскен. Енді тараптарға тек бюрократиялық мәселелерді реттеу ғана қалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Анчелотти Бразилиямен болашағына қатысты шешім қабылдады