date

Аружан Айбекова Ташкент метросындағы видеодан кейін қамауға алынды


Алматыда блогер Аружан Айбекова қолға алынды. Ол бұған дейін Ташкент метросында арандатушылық видео түсіріп, көпшіліктің назарына түскен еді.

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады. Аружан өзінің әлеуметтік желілерінде метро жолаушыларына қолайсыздық тудырған жағдайды көрсететін видео жариялаған.

Аталған видеодан кейін оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған. Полиция өкілдерінің айтуынша, бұған дейін блогерге профилактикалық әңгіме жүргізілген, бірақ бұл шара жеткілікті нәтиже бермеген.

Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда әдепсіз және арандатушылық әрекеттер заң алдында жауапкершілікке әкелетінін тағы бір мәрте ескертті.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Аружан Айбекова Ташкент метросындағы видеодан кейін қамауға алынды