date

Ташкент жерүсті метро сақина жолы іске қосылды

Ташкент жерүсті метро сақина жолы іске қосылды
1 қараша күні таңертеңнен бастап Ташкент қаласының жерүсті метро сақина жолында пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Енді жолаушылар сақина бағытында ешқандай кедергісіз жүре алады. Жолда 12 заманауи пойыз қызмет көрсетеді, олар әр 7 минут сайын қатынайды.

Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жылдам әрі қолайлы көлік құралын қамтамасыз етеді. Бұған дейін, 28 маусымнан бастап "Технопарк – Қыпшақ" бағытындағы, яғни "Құрылысшылар" мен "Жаңаебад" бекеттері арасындағы бөлік жабылған болатын.

Жөндеу жұмыстары кезінде тегін метроавтобустар қатынады. Жерүсті бағыттың құрылысы барысында кейбір кемшілік пен қателіктер анықталған еді.

Бас прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқаулықтар берілді. Kursiv Uzbekistan басылымының хабарлауынша, Ташкенттің 134-маршрутындағы автобусы жаңа бағыт бойынша қатынайтын болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ташкент жерүсті метро сақина жолы іске қосылды