date

Әскери қызмет өткергендерге пайызсыз білім беру несиесі бөлінеді

Әскери қызмет өткергендерге пайызсыз білім беру несиесі бөлінеді

Өзбекстанда мерзімді әскери қызметтен қайтқан жастар жоғары оқу орнында оқығысы келсе, шетел тілі мен пән сертификаттарын алу шығындарын мемлекет өтеп береді.

Егер олар ЖОО-ларға контракт негізінде түссе, пайызсыз білім беру несиесі бөлінеді. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёев 13 қаңтардағы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаздарға ЖОО-ға түсу үшін емтихандарды әскери бөлімнің өзінде тапсыру мүмкіндігі жасалады. Тесттен сәтті өтіп, студент қатарына қабылданған сарбаздар мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін бірден ЖОО-да оқуын бастайды.

Сондай-ақ армиядан қайтып, мемлекеттік ұйымдарға жұмысқа тұрғысы келетін жастар үшін Басқару тиімділігі агенттігі өткізетін тест ұпайларына 10 пайыздық жеңілдік беру тәжірибесі енгізіледі. Ал жеке секторда еңбек еткісі келетін жастарға мамандық меңгеру және сертификат алу шығындары төленеді.

«Бір сөзбен айтқанда, “мерзімді әскери қызмет өткеру – жастар үшін табысқа апарар жолға” айналуы керек», – деді Шавкат Мирзиёев.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Әскери қызмет өткергендерге пайызсыз білім беру несиесі бөлінеді