date

Трамп: Роналду Ақ үйге келді

Трамп: Роналду Ақ үйге келді
Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Криштиану Роналду осы аптада Ақ үй мен Овал кеңсеге келді. Бұл туралы Трамп Truth әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Оның айтуынша, Роналду оған тікелей қоңырау шалып, экскурсияға алғысын білдірген. Трамп португалиялық футболшының тек спорттағы жетістіктерін ғана емес, жеке қасиеттерін де жоғары бағалап, оны "керемет адам" деп атады.

Әзірге АҚШ әкімшілігі немесе футболшы өкілдері тарапынан Криштиану Роналдудың Ақ үйге келгені туралы ресми растама берілген жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп: Роналду Ақ үйге келді