date

TikTok жұлдызы өз бейнесін шамамен 1 миллиард долларға сатты

TikTok жұлдызы өз бейнесін шамамен 1 миллиард долларға сатты

TikTok-та сөзсіз видеоларымен танылған, тегі сенегалдық блогер Хаби Лейм (Khaby Lame) төңірегінде даулы жаңалық тарады. Tell News Magazine мәліметінше, ол зияткерлік меншік құқықтары бойынша 975 миллион долларлық келісім жасаған.

Хабарға сәйкес, АҚШ-тағы Rich Sparkle Holdings компаниясы Леймнің зияткерлік меншігін үш жыл мерзімге эксклюзив пайдалану құқығын алған. Бұл құқықтардың қатарына оның жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көшірмесін жасау мүмкіндігі де кіреді.

Маңызды жайт — Лейм бұл қаражатты қарапайым «гонорар» түрінде алмаған. Басылымның түсіндіруінше, ол компанияның бақылау пакетіне ие акционерге айналып, осылайша қарапайым контент жасаушыдан корпоративтік ойыншы деңгейіне көтерілуге ұмтылған.

Сарапшылар мұндай модельді «инфлюенсер табысының жаңа формуласы» деп бағалап отыр: бір реттік жарнамалық төлемдердің орнына компания үлесі арқылы ұзақ мерзімді бақылау мен кеңею әлдеқайда көп пайда әкелуі мүмкін.

Леймнің жолы да үйреншікті сценарий емес: пандемия кезінде Италиядағы зауыттан жұмыстан қысқарған қарапайым жұмысшыдан TikTok-та 160 миллионнан астам жазылушысы бар ең танымал контент жасаушылардың біріне айналды. Оның минималистік әрі сөзсіз түсінікті контенті әлемнің ірі брендтерімен ынтымақтастыққа жол ашты.

Басылым дерегінше, компания Лейм аудиториясының әсері арқылы әлеуметтік сауда, лицензиялау және AI-контент бағыттарынан жылына 4 миллиард доллардан астам айналым табуы мүмкін деген болжамдар бар.

Келісім жарияланғаннан кейін қаржы нарықтары да бірден әрекет етті: Rich Sparkle Holdings акциялары бір сауда күні ішінде 250 пайыздан астам өскен.

Қысқасы, егер бұл сандар расталса, инфлюенсерлер әлемінде жаңа қағида қалыптасып жатыр: «жарнама — кеше, үлес — бүгін».

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » TikTok жұлдызы өз бейнесін шамамен 1 миллиард долларға сатты