Хорезмде түлектер ұстазына пәтер сыйлады

Хорезмде оқушылар ата-аналарымен бірігіп, жылдар бойы білім мен тәрбие берген сүйікті ұстазына ұмытылмас сыйлық — бір бөлмелі пәтер дайындады.
Белгілі болғандай, үйдің құны 227 миллион сумды құраған. Ұстазға арналған бұл тосын сый әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Көпшілік мұны ұстазға деген құрмет пен алғыстың ең көркем үлгілерінің бірі деп атауда. Кейбір қолданушылар мұндай жағдайдың Өзбекстанда сирек кездесетінін айтып, түлектер мен ата-аналарға ризашылықтарын білдіруде.
Расында да, ұстаздың қадірі жоғары қоғамның болашағы да жарқын болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз