Жеңісбек Пиязов Озода Нурсаидованың концертіне басып кірді, жағдай ушығып барады!

Әлеуметтік желілерде әншілер Жеңісбек Пиязов пен Озода Нурсаидова қатысқан видеолар кең таралып, қолданушылар арасында қызу талқылануда. Кейбіреулер жағдайды әзіл деп қабылдаса, басқалары видеоны байыпты бағалап жатыр.
Таралған кадрларда Жеңісбек Пиязовтың Озода Нурсаидованың концертіне билет алып кіргені және сахна артында әншіге «басып кіргені» көрсетілген. Видеода Озода Нурсаидованың ашуланғаны және оны қуып шығуға тырысқан сәттері де жанкүйерлердің назарын аударды.
Сондай-ақ, Жеңісбек Пиязовтың «сотқа беремін» деген сөздері де интернет қолданушылары арасында әртүрлі түсіндірілуде. Әнші өз әлеуметтік желілерінде «Озода Нурсаидова жұлдыз ауруына шалдықты» деген пікір қалдырған.
Әзірге видеодағы жағдайдың шынайы жанжал ма, әлде сахналастырылған әзіл ме екені туралы ресми ақпарат жоқ. Соған қарамастан, бұл кадрлар қысқа уақыт ішінде интернетте кеңінен таралып үлгерді.












Пікірлер 0
…