date

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құттықтау сөзінің басында: «Сіздерді, қымбатты отандастарымды, еліміздегі барша мұсылмандарды және бүкіл халқымызды бүгінгі ұлы мереке – қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын», – делінген.

Мемлекет басшысы бейбітшілік, мейірімділік және жомарттық мерекесі – Ид әл-Адха қасиетті дініміздің мәніндегі ізгі идеяларды айқын көрсететінін және елімізде жүргізіліп жатқан гуманистік реформалармен үндес екенін атап өтті.

Шавкат Мирзиёев соңғы жылдары Өзбекстанның көне тарихы мен бай мәдени құндылықтарын, ұлы ғұламалардың мұрасын және ислам дінінің шынайы мәнін зерттеу мен насихаттау жұмыстары жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.

«Мұны жақында есігін айқара ашқан Ислам өркениеті орталығы, Самарқандтағы Имам Бұхари мемориалдық кешені, Маргилан қаласындағы Бұрханиддин Маргинони ғылыми-ағарту кешені сияқты Жаңа Өзбекстанның ғажайыптарынан көруге болады. Бұл – Жаңа Өзбекстанды құру жолындағы маңызды тарихи қадамдар», – деді президент.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы барша қажыларды Құрбан айтпен құттықтап, Алла тағаладан олардың дұға-тілектерінің қабыл болуын тіледі.

«Қасиетті сапардан оралатын отандастарымыз ізгілік пен ағартушылық жаршысы ретінде отбасыларымыз бен қоғамымыздағы рухани-тәрбиелік жұмыстарға белсенді атсалысады деп үміттенеміз», – деді президент.

Шавкат Мирзиёев әлемнің әр түкпіріндегі мұсылман достары мен серіктестеріне де жылы лебізін жолдап, оларға бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

«Қымбатты отандастар! Құрбан айтқа байланысты биыл да демалыс күндері белгіленді. Мереке күндері де ел қызметінде жүрген отандастарымызға алғыс білдіреміз. Шетелде оқып, жұмыс істеп жүрген бауырларымызды да құттықтаймыз. Халқымызды осындай қасиетті мерекеге аман-есен жеткізген Аллаға шүкір! Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!», – делінген құттықтау соңында.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Шавкат Мирзиёев Өзбекстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады