Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айқындады

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду футболшылық мансабын қашан аяқтағысы келетіні жөнінде нақты жоспар құрған. Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, португалиялық жұлдыз қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталғанда Сауд Арабиясы клубынан кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады хабар береді.
Дереккөзге сүйенсек, дәл осы кезеңде Роналду кәсіби футболмен де үлкен ықтималдықпен қоштасады. Ол кезде «Алтын доптың» бес дүркін иегері 42 жаста болады.
Криштиану 2023 жылдың басынан бері «Әл-Наср» сапында ойнап келеді. Қазір 40 жастағы шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатында 16 матчта 16 гол соғып, сұрмергендер жарысында көш бастап тұр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз