date

«Ювентус» «Севилья» қорғаушысы Хуанлу Санчесті көздеп отыр

«Ювентус» «Севилья» қорғаушысы Хуанлу Санчесті көздеп отыр

Туриннің «Ювентус» клубы «Севильяның» оң қаптал қорғаушысы Хуанлу Санчесті құрамына қосып алу нұсқасын қарастыруда. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Журналист Джанлука Ди Марционың мәліметінше, 22 жастағы футболшы командада Пьер Калулуға балама ретінде қарастырылып отыр. Мәміле тек испандар ойыншыны кейін сатып алу құқығымен жалға беруге келіссе ғана жүзеге асуы мүмкін. Қазірше «Ювентус» толық трансферге дайын емес.

Хуанлу Санчес «Севилья» академиясының түлегі. Оның «нервиондықтармен» келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ағымдағы маусымда қорғаушы барлық турнирде 19 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 15 миллион еуроға бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ювентус» «Севилья» қорғаушысы Хуанлу Санчесті көздеп отыр