date

АПЛ клубтары 2024 жылы 1 миллиард доллардан астам шығынға ұшырады

АПЛ клубтары 2024 жылы 1 миллиард доллардан астам шығынға ұшырады

Еуропа футболының 2024/25 жылғы маусымы үшін жарияланған қаржылық есептер жүйедегі күрделі мәселелерді және көптеген клубтардың таңқаларлық деңгейде шығынға батып жатқанын көрсетті. Әлемдегі ең мықты лига деп танылған Англия Премьер-лигасы бұл тұрғыда теріс көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр. АПЛ-дың 20 клубы жалпы сомасы 1,05 миллиард доллар көлемінде шығынға ұшыраса, оның негізгі үлесі 346 миллион долларлық рекордтық дефицитпен «Челси» еншісіне тиді. Бұл туралы Auto.mail.ru хабарлайды.

Еуропаның басқа да гранд клубтары арасында қаржылық жағдай әртүрлі сипат алған. Италияның «Интер» клубы 96 миллион доллар пайдамен ең үздік нәтижені тіркесе, Испанияның «Реал Мадрид» және «Барселона» командалары тиісінше 85 миллион және 81 миллион доллар пайда тапты. Германияның «Бавария» клубы 48 миллион доллар, Англияның «Ман Сити» командасы болса 3 миллион доллар оң теңгерімге ие болды.

Сонымен қатар, бірқатар танымал клубтар қомақты қаржылық шығындарға тап болды. Атап айтқанда, «Ман Юнайтед» 24 миллион доллар, Францияның «ПСЖ» клубы болса 42 миллион доллар шығын көргенін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, тіпті ең жоғары табысты лигаларда да қаржылық тепе-теңдікті сақтау барған сайын қиындап барады. Ал «Челсидің» көрсеткіштері тек Англия үшін ғана емес, бүкіл футбол тарихы үшін алаңдатарлық рекорд ретінде бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » АПЛ клубтары 2024 жылы 1 миллиард доллардан астам шығынға ұшырады