date

Жорже Жезуш маусымнан кейін «Аль-Наср» клубынан кетуі мүмкін

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында маңызды өзгерістер күтілуде. Команданың бас бапкері Жорже Жезуш ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін клубтан кетуі мүмкін деген ақпарат тарады.

Португалияның A Bola басылымының мәліметінше, 71 жастағы маман өз шешімі туралы клуб басшылығына алдын ала ескерткен. Тәжірибелі бапкер Сауд Арабиясындағы қызметін аяқтап, мансабын басқа елде жалғастыру нұсқаларын қарастырып жатқаны айтылуда.

Сонымен қатар, Жезуш әзірге бар назарын «Аль-Насрдың» қалған ойындарына аударған. Дереккөздерге сүйенсек, португалиялық маман маусым аяқталмайынша ешбір клубпен ресми келіссөздер жүргізбейді.

Бүгін «Аль-Наср» АФК Чемпиондар лигасы-2 финалы аясында жапониялық «Гамба Осака» клубына қарсы алаңға шығады. Сондай-ақ, команда Сауд Арабиясының Про-лигасындағы чемпиондық үшін күресте басты фавориттердің бірі болып отыр.

Хабарламада мамыр айының соңында Жорже Жезуштың Лиссабонда түркиялық «Фенербахче» клубының өкілдерімен кездесуі жоспарланғаны айтылған. Түрік гранды тәжірибелі бапкерге бір маусым үшін шамамен 15 миллион еуро жалақы ұсынуға дайын. Бұл Жезуш мансабындағы ең ірі келісімшарттардың бірі болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Жорже Жезуш маусымнан кейін «Аль-Наср» клубынан кетуі мүмкін