date

Afruza «Kel jonim» әнімен жанкүйерлер жүрегін жаулады (видео)

Afruza «Kel jonim» әнімен жанкүйерлер жүрегін жаулады (видео)

Әнші Afruza 15 мамыр күні жанкүйерлеріне тағы бір музыкалық жаңалығын ұсынды. Өнерпаз өзінің жаңа «Kel jonim» әнін жариялап, көпшіліктің назарына ұсынды.

Трек YouTube платформасына жүктелген бойда тыңдармандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бір тәулік өтпей жатып, бейнебаян 180 мыңға жуық қаралым жинап, тез танымал бола бастады.

Пікірлер бөлімінде жанкүйерлер әнді жылы қабылдап, оның әуезділігін, орындаушылық шеберлігін және заманауи стилін ерекше атап өтуде. Көпшілік Afruza-ның жаңа туындысына жоғары баға беріп, алдағы шығармашылық жолына сәттілік тілеуде.

Тыңдармандардың пікірінше, «Kel jonim» жақын күндері хит әндер қатарынан орын алады деп күтілуде. Туынды қазірдің өзінде тыңдармандар жүрегін жаулап, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Afruza «Kel jonim» әнімен жанкүйерлер жүрегін жаулады (видео)