date

Джейми Каррагер Мұхаммед Салахты Криштиану Роналдумен салыстырды

Джейми Каррагер Мұхаммед Салахты Криштиану Роналдумен салыстырды

«Ливерпуль» аңызы Джейми Каррагер Мұхаммед Салахтың команданың бас бапкері Арне Слотқа қатысты айтқан сын пікірлерінен кейін қатаң мәлімдеме жасады. Салахтың «Астон Вилладан» ұтылғаннан кейінгі әлеуметтік желідегі жазбасы клуб ішіндегі жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Sky Sports эфирінде Каррагер Салахтың қылығын Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтедтен» кетер алдындағы шулы мәлімдемелеріне ұқсатты. Бұрынғы қорғаушы мысырлық шабуылшыны өз мүддесін команда мүддесінен жоғары қойды деп айыптап, оны «эгоист» деп атады.

Салах өз жазбасында «Ливерпульді» қайтадан қарсыластарын сескендіретін шабуылшы командаға айналдыру керектігін баса айтқан болатын. Алайда, сарапшылар мұны Арне Слоттың тактикалық стиліне қарсы ашық бүлік деп бағалады. Стивен Джеррард та команда ішінде жік туындағанын айтып, жағдайға алаңдаулы екенін жасырмады.

Гари Невилл болса Салахтың бұл әрекетін команда мен бапкерге деген сыйсыздық деп атады. Оның пікірінше, әлемдегі ешбір топ-клуб өз бапкерінің жұрт алдында мұндай қорлыққа ұшырауына жол бермейді және бұл жағдай «Ливерпульдің» Чемпиондар лигасына шығу жолындағы мақсаттарына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Джейми Каррагер Мұхаммед Салахты Криштиану Роналдумен салыстырды