date

Ақ үйдегі UFC кешінде Topuria мен Gaethje кездеседі

14 маусымнан 15 маусымға қараған түні UFC тарихында ерекше орын алатын үлкен турнир өтеді. Жекпе-жек кешінің Ақ үйде ұйымдастырылуы оның маңыздылығын одан сайын арттыра түсуде.

Кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Ilia Topuria мен уақытша белбеу иегері Justin Gaethje арасында өтеді. Бұл айқасты жанкүйерлер асыға күтуде. Topuria өз чемпиондық атағын қорғауға тырысса, Gaethje өз соққылары мен қайсар мінезі арқылы белбеу үшін таласады.

Турнирдің екінші басты жекпе-жегі де интригаға толы. Бразилиялық Alex Pereira бұл жолы ауыр салмақта октагонға көтеріледі. «Poatan» уақытша чемпиондық белбеу үшін франциялық Ciryl Gane-мен күш сынасады.

Егер Pereira бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, ол UFC тарихында үш салмақ дәрежесінде белбеу иеленген алғашқы жауынгер атанады. Бұл оның мансабындағы ең үлкен жетістіктердің бірі болуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұл жекпе-жек кешінде Sean O'Malley, Michael Chandler, Derrick Lewis және UFC-дің басқа да танымал жауынгерлері октагонға шығады деп жоспарланған. Сондықтан турнир жылдың ең шулы оқиғаларының біріне айналмақ.

Қысқасы, Ақ үйдегі UFC кеші жай ғана турнир емес, тарихи шоуға айналады. Topuria — Gaethje, Pereira — Gane, сондай-ақ O'Malley мен Chandler бар. Бұл кардты тамашалау үшін тек попкорн емес, темірдей жүйке керек болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ақ үйдегі UFC кешінде Topuria мен Gaethje кездеседі