date

Tesla Supercharger станцияларында виртуалды кезек жүйесін енгізді

Tesla Supercharger станцияларында виртуалды кезек жүйесін енгізді

«Tesla» компаниясы өзінің «Supercharger» жылдам қуаттау станциялары үшін виртуалды кезек функциясын енгізуді бастады. Бұл жаңалық жүргізушілерге станция босамаған уақытта көлік ішінде физикалық кезекте тұрмай, цифрлық кезекке жазылу мүмкіндігін береді.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Жүргізуші қуаттау станциясына жақындағанда, жүйе оған виртуалды кезекке қосылуды ұсынады. Көліктің кезекке қосылған уақытына қарай, «Tesla» алгоритмі кезектегі қуаттау құқығы кімде екенін автоматты түрде белгілеп береді.

Компания кезек тәртібін сақтамай қуаттауды бастаған жүргізушілер үшін жүйені мәжбүрлі түрде өшіріп тастауды жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына мобильді қосымшада «Осы станцияда кезек бар.

Қуаттау сеансын қазір бастауға сенімдісіз бе?» деген мазмұндағы ескерту хабарламасы пайда болады.

Жаңа жүйенің тиімділігі көбіне жүргізушілердің өзара тәртібіне байланысты болып отыр. Мағлұмат үшін, «Tesla Supercharger» желісі әлем бойынша 6 000-нан астам мекенжайда 60 000-нан астам қуаттау нүктесіне ие.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Tesla Supercharger станцияларында виртуалды кезек жүйесін енгізді