date

Xiaomi HyperOS 3.0 жүйесіндегі бағдарламалық қателерді түзетті

Xiaomi HyperOS 3.0 жүйесіндегі бағдарламалық қателерді түзетті

"Xiaomi" компаниясы "HyperOS 3.0" операциялық жүйесінің тұрақтылығы бойынша кезекті апталық есебін жариялады. Осы жаңарту аясында смартфондар мен планшеттерде байқалған бірқатар бағдарламалық қателер түзетілді.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Өзгерістер ең алдымен флагман саналатын "Xiaomi 17" топтамасына, сондай-ақ "Xiaomi 15", "Xiaomi 15S Pro" және "Redmi K" сериясындағы құрылғыларға қатысты.

Негізгі түзетулер қатарында "Xiaomi 17 Ultra" моделіндегі галерея қосымшасының қатып қалуы және "Xiaomi 17 Pro Max" құрылғысында желілер арасында ауысу кезінде дыбыс жүйесіндегі ақаулар жойылды. Сондай-ақ, "Redmi K Pad" планшетінде "Rampage Engine" өнімділік режимінің дұрыс жұмыс істемеуімен байланысты мәселелер шешілді.

"Xiaomi 15S Pro" моделінде де жүйені қажетсіз файлдардан тазарту кезіндегі баяулау жойылған.

Компания мамандары будильниктің дұрыс көрсетілмеуі және құрылғы қайта қосылғаннан кейін пернетақтадағы ақаулар сияқты ұсақ қателерді де түзетті. "Xiaomi" өкілдерінің айтуынша, "HyperOS 3.0" жүйесі тұрақты түрде шығарылатын шағын пакеттер арқылы жетілдіріліп келеді.

Мұндай тәсіл бүкіл экожүйе тұрақтылығын қамтамасыз етуге және түрлі құрылғылар арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартуға қызмет етеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Xiaomi HyperOS 3.0 жүйесіндегі бағдарламалық қателерді түзетті