date

Intel ақаулы процессорларды сату арқылы табысын 13,6 млрд АҚШ долларына жеткізді

Intel жарамсыз процессорларды сату арқылы кірісін 13,6 млрд долларға жеткізді

"Intel" компаниясы биылғы жылдың бірінші тоқсанында қаржылық көрсеткіштерін күтпеген тәсілмен жақсартып алды. Компания тек сұраныстың артуынан ғана емес, шын мәнінде қалдыққа кетуі тиіс болған ақаулы процессорларды сату арқылы да табыс тапқан.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Талдаушы Бен Баяриннің мәліметіне қарағанда, кремний пластиналарының шеттерінен алынған және ақауы бар кристалдар флагман модельдер сұранысына сәйкес келмеген. Компания мұндай чиптердің бір бөлігіндегі ядроларды өшіріп, оларды орта сегменттегі процессорлар ретінде сәтті сатылымға шығарған.

Серверлер мен жасанды интеллект инфрақұрылымына арналған чиптерге жоғары сұраныс жағдайында "Intel" бұрын коммерциялық құны болмаған кристалдарды да ақшаға айналдыра алған. Нәтижесінде компанияның тоқсандық түсімі 13,6 млрд долларға жетті, ал маржа күтілгеннен жоғары болып, 41 пайызды құрады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Intel ақаулы процессорларды сату арқылы табысын 13,6 млрд АҚШ долларына жеткізді