date

Qanot Sharq алғашқы A321XLR ұшағын қабылдады

Qanot Sharq бірінші A321XLR ұшағын қабылдады
Узбекистандағы жекеменшік әуе компаниясы Qanot Sharq өзінің алғашқы Airbus A321XLR ұшағын алды. Бұл ұшақ жақында Германиядағы Airbus зауытында боялғаннан кейін байқалды.

Ұшақ компанияның корпоративтік көк және ақ түстеріне боялған әрі логотиппен әрленген. Қазір ұшақ уақытша D-AYAB тіркеуіне ие болып, 2025 жылдың соңына дейін ұшуы күтілуде.

Бұл Орталық Азиядағы алғашқы A321XLR болады. Qanot Sharq осы үлгідегі үш ұшақты Air Lease Corporation компаниясынан жалға алған, сондай-ақ екі A321LR және бір A320neo ұшағына тапсырыс берген.

2025 жылдың қазан айы бойынша, әуе компаниясының паркінде екі A320ceo, бір A321neo және екі A330 ұшағы бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Qanot Sharq алғашқы A321XLR ұшағын қабылдады