Түлектердің дипломдары Еуропа мен дамыған елдерде мойындалады

Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университетінің Химия және биология бакалавриат бағыттары мен осы пәндер бойынша магистратура мамандықтары Германияның беделді ASIIN халықаралық аккредитация агенттігі тарапынан аккредитациядан өтті. Университет мәліметінше, аккредитация 16 январьда рәсімделген.
Айтуынша, бұл бағыттар елімізде алғаш рет ASIIN аккредитациясын алған білім беру бағдарламалары болып табылады. Бұл нәтиже университеттегі білім беру критерийлері, оқу үдерісінің сапасы, профессор-оқытушылар әлеуеті және ғылыми қызметтің халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды.
2030 жылдың 30 сентябріне дейін жарамды сертификаттар осы бағыт түлектерінің дипломдарының Еуропа және басқа да дамыған елдерде танылуына негіз болатыны айтылды. Сондай-ақ, түлектердің шетелде оқуына, ғылыми зерттеулер жүргізуіне және химия-биология бағыттары бойынша халықаралық еңбек нарығына шығуына мүмкіндіктер кеңейеді.