date

Осы аптада тағы қар жауады деп күтілуде

Осы аптада тағы қар жауады деп күтілуде

"Узгидромет" 19-23 январьға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, 19 январьда тек Науаи облысында және таңертең Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында аздап қар жауады. 20 январьда тек республиканың оңтүстік-батыс аймақтарында кешке жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. 21-23 январь күндері Өзбекстанның басым бөлігінде өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Аптаның бірінші жартысында ауа температурасы түнде 3 градус суық - 2 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Екінші жартысынан бастап температура біртіндеп төмендейді: түнде 2-7° суық, күндіз 2° суық-3° жылы.

Қарақалпақстанда апта бойы түнде 8 - 13 градус суық, күндіз 0 - 5 градус суық, 23 январьда күндіз 3 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, 21-22 январьда кей жерлерде жел 13-18 м/с күшейеді. Таулы аймақтарда оқтын-оқтын қар жауады, көшкін қаупі бар.

Ташкентте 19-21 январьда жауын-шашын күтілмейді: түнде 2° суық - 1° жылы, дүйсенбі-сейсенбі күндері 3 - 6° жылы, 21 январьда 7 - 9° жылы. 22-23 январьда өткінші жаңбыр-қар жауады: 22 январьда 0 - 2° жылы, 23 январьда түнде 3 - 6° суық, күндіз 0° шамасында болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Осы аптада тағы қар жауады деп күтілуде