date

Науайыда энергия сақтау жүйесі салынады

Наваийда энергия сақтау жүйесі орнатылады
Наваий облысында қуаты 300 МВт болатын энергия сақтау жүйесін салу жоспарлануда. Бұл туралы Өзбекстанның Энергетика министрлігі хабарлады.

Құрылыс жөнінде Masdar компаниясымен келісім Әбу-Дабиде өткен ADIPEC 2025 халықаралық форумында жасалды. Жоба энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және жасыл энергияны сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ, форум барысында AMEA Power компаниясымен қуаты 200 МВт болатын тағы бір энергетикалық нысан салу бойынша келісімшартқа қол қойылды. Министрліктің ақпаратына сәйкес, Әбу-Дабидегі келіссөздер барысында өзбек делегациясы Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, АҚШ және Ұлыбритания өкілдерімен жаңартылатын энергия саласындағы ағымдағы жобалар мен ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары туралы пікір алмасты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Науайыда энергия сақтау жүйесі салынады