Көпқабатты үйлерді тексеретін ұйымдар тізімі жасалады

Өзбекстанда 2026 жылдан бастап көпқабатты үйлердің техникалық жағдайын ресми түрде тексеруге рұқсат етілген жобалау ұйымдарының тізілімі іске қосылады. Бұл шешімді президент Шавкат Мирзиёев бекітті.
Тізілім «Ашық құрылыс» жүйесіне енгізіледі және ол кейін сапаны бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралына айналады. Сонымен қатар, республикада ұсынымдық қорытынды беру тәжірибесі тоқтатылады.
Көпқабатты үйлерді пайдалануға қабылдау тек оң қорытынды болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қарар сондай-ақ құрылыс ұйымдарының жер сілкінісіне төзімділік талаптарын сақтау бойынша жауапкершілігін күшейтеді және заңсыз құрылыстарды анықтаудың қатаң механизмдерін енгізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз