date

Енді астанаға кірушілер көлігін бекетке қалдырып, қалаға қоғамдық көлікпен кіреді

Енді астанаға кірушілер көлігін бекетке қалдырып, қалаға қоғамдық көлікпен кіреді

Ташкент қаласында көлік кептелісін азайту және жол жүйесін жаңғырту бойынша маңызды жаңалық жарияланды. Президент Шавкат Мирзияев 16 декабрьде өткізген жиында астанаға келген жүргізушілер көліктерін қала сыртында салынатын ірі тұрақтарда қалдырып, орталыққа қоғамдық көлікпен кіре алатыны айтылды.

Желтоқсан айының басында қол қойылған арнайы қаулыға сәйкес, Ташкентте көлік басқармасы мүлдем жаңа деңгейге көтеріледі. Қалада жалғыз интеллектуалды орталық жұмыс істейді, ол жасанды интеллект арқылы әрбір көше мен қиылыстағы көлік ағынын талдайды. Бұл жүйе кептелісті алдын ала болжап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қызмет етеді.

Келесі жылы астанаға кіре берістегі екі тексеру бекеті қала сыртындағы аумақтарға көшіріліп, тағы үшеуі күрделі жөндеуден өтеді. Бұл нүктелерде 3,5 мың жүк көлігі мен 5,5 мың жеңіл көлікке арналған автотұрақ салынады. Сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін кемпингтер ұйымдастырылып, қолайлы жағдай жасалады.

Ең бастысы, бұл нүктелер қоғамдық көлік желісімен байланыстырылады. Демек, астанаға келген қонақтар өз көліктерін сыртта қалдырып, жылдам, қауіпсіз және арзан көлікпен қалаға еркін кіре алады.

Сонымен қатар, қала әкімдігіне келесі жылы жол қозғалысының сапасын айтарлықтай арттыру міндеті жүктелген. Соның ішінде:

- 100 "ақылды" бағдаршамдары бар қиылыстарды енгізу;

- Жеке сектормен бірлесіп 30 мың автотұрақ салу;

- 300 бекетті қайта құру;

- 40 км жаяу жүргіншілер және 20 км веложолдар салу;

- 100 км жолды жөндеу;

- Юнусабад және Яшнабадта жол өткелі мен туннель салу;

- 200 электробус сатып алу міндеті қойылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Енді астанаға кірушілер көлігін бекетке қалдырып, қалаға қоғамдық көлікпен кіреді