Ертең температура төмендеп, кей жерлерде жаңбыр жауады

Өзбекстанда 3 сәуір күні әр облыста ауа райы бірдей болмайды. Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, кейбір аймақтарда күн ашық болса, кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр мен жел күтіледі.
Ташкент және маңы
Елордада ауа райы негізінен ашық және күншуақты болады. Түнде 14–16 градус, күндіз 26–28 градус. Жел шығыстан жеңіл, 3–8 м/с жылдамдықпен соғады.
Қарақалпақстан және Хорезм
Бұл аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз 13–18 градус, түнде 10–15 градус. Жел 9–14 м/с дейін.
Бұхара және Науаи
Ауа райы құбылмалы, кейде жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз 18–23 градус, түнде 12–17 градус.
Жизақ және Самарқанд
Қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз 20–25 градус, түнде 12–17 градус.
Сурхандария және Қашқадария
Ауа райы тұрақсыз, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз 18–23 градус, түнде 12–17 градус.
Ферғана аңғары
Андижан, Наманган және Ферғана аймақтарында негізінен күншуақты және жылы болады. Күндіз 25–30 градус, түнде 12–17 градус.
Таулы аймақтар
Республиканың тау етектері мен таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел кей кездері 13–18 м/с дейін күшеюі мүмкін. Күндіз 15–20 градус, түнде 5–10 градус.
Синоптиктердің хабарлауынша, сәуір айы бойы ауа райы құбылмалы және жылы болады, кей күндері температура 30–33 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.