date

Tabiq жүйесіндегі ақау салдарынан миллиондаған клиенттің төлқұжат деректері жарияланып кетті

Tabiq жүйесіндегі ақау салдарынан миллиондаған клиенттің төлқұжат деректері жарияланып кетті

Жапонияның Reqrea стартапы әзірлеген Tabiq қонақүйлерді тіркеу жүйесінен елеулі қауіпсіздік кемшілігі табылды. Жүйедегі ақаудың салдарынан миллионнан астам клиенттің төлқұжат көшірмелері, жүргізуші куәліктері және бет-әлпетті анықтауға арналған селфи суреттері интернетте ашық күйде қалды. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Тәуелсіз қауіпсіздік зерттеушісі Анураг Сен Amazon бұлтты қоймасында сақталатын дерекқордың құпия сөзсіз және ешқандай шектеусіз барлығына ашық екенін анықтады. Бұл дерекқор «tabiq» атауымен сақталған және оны браузер арқылы кез келген адам көре алған.

TechCrunch басылымы мен JPCERT қауіпсіздік тобының ескертуінен кейін Reqrea компаниясы дерекқорды жапты. Компания директоры Масатака Хашимото бұл жағдай бойынша тексеру басталғанын және сыртқы кеңесшілердің көмегімен деректердің қаншалықты деңгейде жарияланғаны зерттеліп жатқанын мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, бұл оқиға күрделі кибершабуыл емес, қарапайым адам қателігі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан орын алған. Amazon өз бұлтты қоймаларын стандартты түрде жабық етіп баптайды, алайда қате конфигурация салдарынан мұндай деректердің сыртқа шығуы жиі кездеседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Tabiq жүйесіндегі ақау салдарынан миллиондаған клиенттің төлқұжат деректері жарияланып кетті