date

Өзбекстан азаматтары үшін Тайландқа визасыз кіру тәртібі өзгеруде

Өзбекстан азаматтары үшін Тайландқа визасыз кіру тәртібі өзгеруде

Тайланд үкіметі елге визасыз кіру және шекарада виза беру (Visa on Arrival) жүйесі бойынша жаңа өзгерістерді бекітті. Бұл туралы Dunyo ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәлім болғандай, 2026 жылдың 15 шілдесінен бастап 93 елдің азаматтары үшін қолданылып келген 60 күндік визасыз режим жойылады. Бұл тізімге Өзбекстан да кіреді, сондықтан енді өзбекстандықтар Тайландқа бұрынғыдай визасыз кіре алмайды.

Шешім жергілікті Royal Gazette басылымында ресми жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң күшіне енеді. Ресми хабарлама келесі аптада беріледі деп күтілуде.

Жаңа ережелерге сәйкес, Өзбекстан азаматтары Тайландқа саяхаттау үшін онлайн түрде виза рәсімдеуі керек болады. Ол үшін Thai E-Visa платформасы арқылы өтініш жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 мамырында Тайланд үкіметі шетелдіктердің қатысуымен болатын қылмыстардың көбеюіне байланысты 90-нан астам елдің азаматтары үшін қолданыстағы визасыз мерзімді қысқартатынын мәлімдеген болатын. Жаңа тәртіп бойынша, бұрынғы 60 күндік визасыз режимнің орнына енді туристер Тайланд аумағында визасыз тек 30 күнге дейін бола алады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан азаматтары үшін Тайландқа визасыз кіру тәртібі өзгеруде