date

Трамп пен Си Цзиньпин кездесуі алдында АҚШ стратегиясы


АҚШ президенті Дональд Трамп Азия елдеріне сапары аясында экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл қадамдар Құрама Штаттардың беделін нығайтуға және әлемдік нарықтың Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған.

Қытай бұл салада жетекші ойыншы болып қалуда. Мәліметтерге сәйкес, бұл келісімдер тұрақты жеткізу тізбектерін құруға, АҚШ экономикасына инвестиция тартуға және ғаламдық өсуді ынталандыруға көмектеседі деп күтілуде.

Әзірге бұл келісімдердің егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Трамп сапары барысында Малайзияға барып, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (ASEAN) саммитіне қатысады.

Сонымен қатар, Жапония мен Оңтүстік Кореяда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы (APEC) аясында да болады. Саммит аясында 30 қазанда АҚШ президенті мен Қытай жетекшісі Си Цзиньпин арасында кездесу өтеді деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп пен Си Цзиньпин кездесуі алдында АҚШ стратегиясы