date

Мальдивте темекі мен вейптерге тыйым салынды


2023 жылдың 1 қарашасынан бастап Мальдив Республикасы аумағында 2007 жылдың 1 қаңтарынан кейін туғандарға темекі өнімдерін сатып алу, тұтыну және сату толықтай тыйым салынады. Бұл туралы президент Мұхаммед Миюзудың әкімшілігінің мәлімдемесінде айтылды.

Аталған бастаманың мақсаты «темекі тартпайтын ұрпақты» қалыптастыру екені атап өтілген. Заң шетелдіктерге де қатысты болады, яғни егер олар да осы күннен кейін туған болса, темекі сатып алуына немесе шегуіне рұқсат етілмейді.

Сонымен қатар, Мальдивте электронды сигареттер мен вейптерді импорттау, сату, сақтау және қолдану толықтай тыйым салынған. Бұл жағдайда жас шектеуі ескерілмейді.

2006 жылдан кейін туғандарға темекі өнімдерін сатқан үшін 50 мың руфи (шамамен 3,27 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұл белгіленген. Вейптерді қолдану үшін 5 мың руфи (шамамен 327 АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған.

Мальдив әлемде темекі өнімдеріне «ұрпақтық тыйымды» енгізген екінші ел болып табылады. Бірінші болып бұл шешімді Жаңа Зеландия қабылдаған еді, алайда жаңа үкімет осы шешімнен бас тартып, бюджет тапшылығын толтыру қажеттілігін себеп еткен.

Осындай шаралар Ұлыбританияда да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мальдивте темекі мен вейптерге тыйым салынды