АҚШ-та өзбекстандық жиһадшы ұсталды

АҚШ-та 31 жастағы Өзбекстан азаматы Ахрор Бозоров қолға түсті. Ол өз елінде террористік ұйымға қатысқаны үшін айыпталып, іздеуде жүрген еді.
Бозоров 9 қарашада Канзас штатында АҚШ иммиграция және кеден полициясы (ICE) қызметкерлері тарапынан қамауға алынды. Қамауға алынған кезде ол жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген.
Өзбекстанда Бозоровқа интернетте жиһадқа шақыратын үгіт-насихат материалдарын таратқаны және террористік топтарға адам тартқаны үшін айып тағылуда. Ташкент соты оның қамауға алынуы үшін 2022 жылы ордер берген болатын.
АҚШ ресми өкілдерінің мәліметінше, Бозоров 2023 жылғы ақпан айында АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен. Шекара қызметі оны ұстаған, алайда кейін босатқан.
2024 жылы ол АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат алған және Пенсильвания штатында коммерциялық жүргізуші куәлігін иеленген. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз