
Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде орын алған өрттің салдарынан қаза тапқандар саны 65 адамға жеткенін SCMP хабарлады. Шамамен 70 адам қазіргі уақытта ауруханада ем алуда.
Үкімет өкілдерінің айтуынша, өрттің жылдам таралуына жөндеу жұмыстарында пайдаланылған жанғыш полистирол материалы себеп болған. Полиция мердігер ұйымының үш қызметкерін абайсыздық және дұрыс басқармау салдарынан адамдардың өліміне себепкер болды деген күдікпен қамауға алды.
Қазіргі кезеңде шамамен 280 адаммен байланыс орнатылмаған, олардың іздестіру жұмыстары жалғасуда. Гонконг үкіметі елдегі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан барлық мемлекеттік тұрғын үй кешендерін дереу тексеруді тапсырды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.