Орталық Азиядағы биологиялық әртүрлілік қауіп алдында

Орталық Азияда биологиялық әртүрліліктің қауіп астында екені Самарқандта өткен CITES-тің 20-конференциясы барысында сарапшылар тарапынан атап өтілді. Мамандардың пікірінше, экожүйелердің деградациясы Орталық Азия елдерінің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Конференцияда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерін бақылауды цифрландыру, Ауғанстанмен шекаралас аумақтардағы экологиялық қауіптер және экономиканы декарбонизациялау биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы туралы ерекше тоқталды. Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады және оны халықаралық деңгейде одан әрі нығайту қажет.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз