date

Леон Кеннеди оралды: Resident Evil Requiem трейлері таныстырылды

Леон Кеннеди қайта оралды: Resident Evil Requiem трейлері таныстырылды

2025 жылғы 12 желтоқсанда өткен The Game Awards 2025 шарасында Resident Evil Requiem ойынының жаңа трейлері таныстырылды. Осы трейлерде Леон Кеннедидің қайтып келгені расталды. Бұл туралы DTF хабарлады.

Леон Кеннеди 2012 жылы шыққан Resident Evil 6 ойынынан кейін бірінші рет серияға қайта оралып отыр. Ол екінші негізгі кейіпкер ретінде Грейс Эшкфортпен бірлесіп, жаңа жауыз кейіпкер Виктор Гидеонға қарсы күреседі. Ойының жаңа бөлігі Resident Evil: Outbreak ойынында қайтыс болған журналист Алиса Эшкрофттың қызы төңірегінде өрбиді.

Енді ол ФБР агенті ретінде Раккун-Ситиге тергеу жүргізу үшін келеді. Resident Evil Requiem ойынының шығарылуы 2026 жылғы 27 ақпанға жоспарланған.

Ойын PC, PS5, Xbox Series X|S және Nintendo Switch 2 платформаларында сатылымға шығады. Қаңтар айында жоба туралы қосымша ақпарат берілетін арнайы таныстырылым өткізу жоспарланған. Оған дейін Леон Кеннеди бейнеленген ойын қорабы интернетке кездейсоқ таралып кетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Леон Кеннеди оралды: Resident Evil Requiem трейлері таныстырылды