date

TikTok АҚШ-тағы бизнесін сатуға келісім берді

TikTok АҚШ-тағы бизнесін сатуға келісті

TikTok өздерінің АҚШ-тағы бөлімшесін америкалық инвесторлардың бақылауындағы компанияға сатуға келісті. Бұл туралы Bloomberg басылымы компания бас директоры Шоу Зи Чу жіберген ішкі хатқа сүйеніп хабарлады.

Келісім ByteDance компаниясының TikTok-қа иелік етудегі құқығын АҚШ-тағы иелеріне тапсыру процесін аяқтайды. Бұл әрекет АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатерді төмендету мақсатында жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік желінің бас директорының сөзінше, келісім Oracle Corp., Silver Lake және MGX инвестициялық қоры компанияларымен жасалған. Келісімді 2026 жылдың 22 қаңтарында аяқтау жоспарланған.

Келісім жүзеге асқаннан кейін TikTok US Data Security (USDS) құрылымы негізінде құрылған жаңа бірлескен кәсіпорын тәуелсіз компания ретінде жұмыс істейді. Ол АҚШ-тағы қолданушылар мәліметтерін қорғау, алгоритмдердің қауіпсіздігі және контентті модерациялау салаларында өкілеттілікке ие болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » TikTok АҚШ-тағы бизнесін сатуға келісім берді