date

Тьерри Анри Леандро Троссар туралы пікір білдірді


Лондонның «Арсенал» клубында ойнаған бұрынғы шабуылшы Тьерри Анри команда вингері Леандро Троссардың ағымдағы маусымдағы ойындары туралы пікір білдірді. «Троссар бұл маусымда мені таңғалдырды ма?

Иә де, жоқ та. Мен оның неге қабілетті екенін білемін.

Бельгия ұлттық құрамасында жұмыс жасаған кезімде де оны байқағанмын. Ол кезде тек Эден Азардың салдарынан негізгі құрамға кіруге қиналатын.

Ол шабуылдарды өте жақсы аяқтайды, екі аяғымен де дәл соққы жасай алады. Леандро жеткілікті ақылды, сондықтан одан не талап етілетінін жақсы түсінеді.

Ол «Арсеналдың» шабуылдарын оң қанат арқылы, Сака ойнайтын жақтан ұйымдастыратынын біледі, ал оның міндеті — алыс бағана маңында жиі ашылып тұру», — деді Анридің сөзін ағылшынның БАҚ-тары келтірді. Троссар ағымдағы маусымда 18 ойында 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас жасаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тьерри Анри Леандро Троссар туралы пікір білдірді