Өзбек сомы нығаюда: доллар бағасы төмендеді

Өзбекстанда 26 қараша күні доллар бағамы 51,43 сомға төмендеп, 11 936,89 сомды құрады. Бұл туралы Орталық банк хабарлады.
Ресей рублі 0,46 сомға арзандап, 151,56 сом болды. Ал еуро 53,33 сомға төмендеп, 13 769,20 сомды құрады.
Сонымен қатар, өзбек сомы британ фунтына, жапон иеніне және қытай юаніне қатысты да нығайды. Бұдан бөлек, республиканың Орталық банкі бақылайтын 35 шетел валютасының бағамдары да төмендетілді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз