date

Өзбекстан $150 млрд көлеміндегі жобаларды бастайды

Өзбекстан $150 млрд көлеміндегі жобаларды бастайды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Тұрақты энергетика» конференциясында 2030 жылға дейін елде мыңдаған өнеркәсіп және инфрақұрылым нысандары іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл жобаларға тартылатын шетелдік инвестициялар көлемі $150 млрд-тан асады.

Бұдан бөлек, «Жаңа Өзбекстан» аудандарында 800 мыңнан астам энергия үнемдейтін тұрғын үйлер салу жоспарланған. Алайда мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін электр энергиясына сұраныс артады.

2030 жылға дейін халықты және өнеркәсіпті электрмен қамтамасыз ету мақсатында қуаты 17 000 МВт болатын «жасыл» энергетика нысандары іске қосылады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 54 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.

«Жасыл» энергетика саласында маңызды қадам ретінде Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара, Қашқадария және Ташкент облыстарында қуаты 3 500 МВт болатын, құны $3,3 млрд жобалардың басталатыны атап өтілді. Сондай-ақ елде электр энергиясын тұтынушыларға жеткізуде жеке әріптестік қағидасы енгізілген.

Биылдың өзінде «Самарқанд өңірлік электр желілері» кәсіпорны түркиялық Aksa Elektrik компаниясының басқаруына беріледі. Бұл жылына $20 млн үнемдеуге мүмкіндік береді.

Инвесторға нысандарды жаңғырту жауапкершілігі де жүктеледі. Президент «Қамбар-Ата-1» СЭС-ін қаржыландыру келесі жылы басталатынын және Қытай тәжірибесіне негізделген күн электр станцияларының құрылысы да жоспарланғанын жариялады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстан $150 млрд көлеміндегі жобаларды бастайды