date

Мақта өсірген шаруаларға субсидия беріледі

Мақта өсірген фермерлерге субсидия беріледі

2026 жылдан бастап өз қаражаттары есебінен өнімнің кемінде 50 пайызын өсіретін фермерлерге 5 пайыз көлемінде субсидия бөлінетін болады. Бұл туралы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне жолдаған құттықтауында айтылған.

Сондай-ақ, қарызы жоқ фермер шаруашылықтары жылына 2 пайызға дейін жеңілдікті несие алуына мүмкіндік беріледі. Бұл шаралар аграрлық саланың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және дербес өндірісті ынталандыруға бағытталған.

Құттықтауда саланың қазіргі жетістіктері де баяндалды. 3 мыңнан астам фермер шаруашылықтары әр гектардан 50-60 центнер мақта өнімін алса, шамамен 1,5 мың шаруашылық бұл көрсеткішті 70 центнерден асыра алған.

Астық шаруашылығында болса, 3,5 мыңнан астам шаруашылық әр гектардан орта есеппен 100 центнер өнім жинаған. Сонымен қатар, экспорт әлеуетінің өсуі атап өтілді: Өзбекстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін импорттайтын елдер саны тағы 18-ге артып, 83-ке жетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Мақта өсірген шаруаларға субсидия беріледі