Актриса Зарина Юлдашева туған күніндегі ерекше образымен көпшіліктің назарында болды

Актриса Зарина Юлдашева 2 маусымда 26 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін жақындары мен достарының ортасында атап өтіп, мерекелік сәттермен әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.
Белгілі болғандай, Зарина Юлдашева туған күнін актриса Дурдона Курбановамен бір күнде тойлаған. Мерекелік кеш жылы шырайда өтіп, қонақтар өнерпаздарға ақ тілектерін білдірді.
Актриса мерекелік кеште нәзік әрі сұлу бейнесімен көпшілікті тәнті етіп, кештің сәніне айналды. Суреттерде оның есімі жазылған гүлдер мен сыйлықтар да көрініс тапқан.

Жанкүйерлері мен әріптестері пікір жазу арқылы Зарина Юлдашеваны туған күнімен құттықтап, оған бақыт, денсаулық және жаңа шығармашылық табыстар тілеуде.



















Пікірлер 0
…