26 жастағы блогердің 20 күнде түсірген фильмі 100 миллион доллар табыс әкелді


Box Office Mojo деректері бойынша, фильмді өндіруге шамамен 1 миллион доллар жұмсалған. Ең қызығы, түсірілім жұмыстары небәрі 20 күн ішінде аяқталған. Соған қарамастан, жоба жылдың ең табысты және шулы кинотуындыларының біріне айналды.
Фильмнің алғашқы көрсетілімі Торонто халықаралық кинофестивалі аясында өтті. Премьерадан кейін картинаны тарату құқығын Focus Features компаниясы иеленді. Кейіннен танымал Blumhouse студиясы да релиз процесіне қосылып, фильмнің кең аудиторияға жетуіне үлес қосты.
«Одержимость» оқиғасы Беар есімді жігіт туралы. Ол ұзақ уақыт бойы сұлу Никиді жақсы көріп, оның махаббатына бөленуді армандайды. Бір күні Беар эзотерикалық заттар сатылатын дүкеннен жұмбақ сиқырлы таяқша тауып алады. Ол таяқшаның көмегімен Никидің оны бәрінен де қатты жақсы көруін тілейді.
Тілек орындалады, бірақ оқиғалар күтпеген және қорқынышты сипат алады. Нәтижесінде махаббат арманы қараңғы және қауіпті зардаптарға әкеліп соғады.
Киносыншылардың айтуынша, фильмнің табысқа жетуіне түпнұсқа идея, шиеленіскен сюжет және жас режиссердің өзіндік көзқарасы үлкен үлес қосқан. Осы нәтижеден кейін Карри Баркер Голливудта сұранысқа ие болашағы зор режиссерлер қатарына қосылды.



















Пікірлер 0
…