date

<titleГеральт енді ол емес: жаңа маусым сын астында</title>


2025 жылдың 30 қазанында Netflix платформасында “The Witcher” (“Сиқыршы”) сериалының төртінші маусымы көрсетілді. Алайда сериалдың жаңа бөлімі жанкүйерлер мен сыншылар тарапынан қайшылықты бағаларға ие болды.

Rotten Tomatoes платформасында сыншылар бағасы 53 пайызды құраса, көрермендер бағасы бар болғаны 21 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш сериал тарихындағы ең төмендердің бірі болып отыр.

Көрермендердің негізгі наразылығы Генри Кавиллдің Лиам Хемсвортқа ауысуында емес, сериалдың кітап пен ойындардың бастапқы рухынан мүлдем алыстап кеткендігінде болып тұр. Пікірлерде енді бұл “Сиқыршыға ұқсайтын” оқиға екені, алайда түпнұсқа шығармаға жақын емес бейімделу ғана болып қалғаны айтылған.

Жанкүйерлер әсіресе сценарийдің әлсіздігін сынаған. Цири кейіпкерінің оқиға желісі “мазмұнсыз” деп танылған, қажетсіз кейіпкерлер қосылғаны және маңызды кейіпкерлерді дер кезінде алып тастағаны айтылған.

Сериалдың әуені “балаларша” болып кеткені және енді тек жасөспірімдерге арналған қиял-ғажайып оқиғаға айналғаны туралы шағымдар айтылды. Генри Кавиллдің орнына Геральт рөлін ойнаған Лиам Хемсворттың ойыны аралас бағаларға ие болды.

Кейбір көрермендер оның “тырысып баққаны” мен “күтілгеннен жақсырақ бейімделгенін” мойындады. Алайда көпшіліктің пікірінше, ол нағыз Геральт емес.

Жаңа Геральт тым “сөзшең” болып, алдыңғы қатал да тәжірибелі кейіпкер әсерін қалдыра алмаған. Хемсворттың ойыны жақсы деп бағаланған жағдайларда да, мәселе актерде емес, сценарий мен авторлардың оқиғаны өзіне бейімдеуге тырысуында екенін атап өтілген.

Көрермендер арасында төмен бағалардың негізгі себебі ретінде сериал жасаушыларының “түпнұсқаға құрметсіздігі” көрсетілуде. Олар Анджей Сапковский шығармаларын қайта жазуға тырысқаны үшін сынға алынды.

Сол себепті, төртінші маусымды көпшілік “Сиқыршының пародиясы”, “Сиқыршы Temu нұсқасы” немесе “сериалдың соңғы нүктесі” деп атады. Кейбіреулер Генри Кавилл кеткен кезде сериалды жабу керек еді деген пікір айтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз