Джеррад Тренттің "Реалға" ауысуын түсінетінін айтты

“Ливерпуль” клубының бұрынғы футболшысы Стивен Джеррард мерсейсайдтықтардың экс-қорғаушысы Трент Александр-Арнольдтың Мадридтің “Реал” клубында мансабын жалғастыру туралы шешіміне пікір білдірді. Джеррардтың айтуынша, әрбір футболшы өз мансабын дербес жоспарлауға құқылы және мұндай шешімдерді біржақты бағалауға болмайды.
“Мен кез келген ойыншының өзінің таңдау жасау құқығын түсінемін — бұл оның мансабы. Мен мұндай шешімдерді ешқашан футбол тұрғысынан айыптаған емеспін.
Ол, бәлкім, клуб тарихындағы ең үздік командалардың бірінде ойнады: команда АПЛ-де жеңіске жетті, Чемпиондар лигасында жеңіс үшін күресті. Оның мансабында мен өмір бойы армандаған барлық нәрсе болды.
Өткенге көз жүгіртсем, оның мен істей алмаған нәрселерге қол жеткізгенін түсінемін”, — деп Джеррардтың сөздерін Liverpool Echo басылымы келтіреді. Трент “Реалға” өткен соң, 16 ойынға қатысып, командаластарына 3 нәтижелі пас беріп үлгерді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз