Әнші Севинч Муминова апатқа ұшырады

Танымал әнші Севинч Муминова жол апатына ұшырады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады.
Әншінің айтуынша, жол апаты салдарынан басынан жарақат алған. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, бір күн ауруханада бақылауда болды. Қажетті ем-шаралардан кейін Севинч үйіне жіберілді.
Қазір әншінің жағдайы қанағаттанарлық, денсаулығы тұрақты екені айтылуда. Ол жанкүйерлеріне көрсеткен ілтипаты мен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Сүйікті әртісімізге тезірек сауығып, сахнаға аман-есен оралуын тілейміз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз