date

K-Pop пен демон аулаушылардың толықметражды фильмі 2029 жылы шығады


Netflix және Sony компаниялары "K-Pop және демон аулаушылары" анимациялық фильмінің екінші бөлігін шығару туралы келісімшартқа қол қойды. Bloomberg хабарлауынша, фильм көрермендерге 2029 жылы ұсынылады.

Жалғасының режиссерлері тағы да Крис Аппельханс пен Мэгги Кан болады. Төрт жылдық үзілістің себебі – анимациялық жобаларда ұзақ уақыт жұмыс істеудің қажеттігі.

"K-Pop және демон аулаушылары" фильмінің бірінші бөлімі 20 маусым күні көрсетілген және бірден халықаралық хитке айналған еді. Netflix платформасында 325 миллионнан астам қаралыммен, бұл фильм стриминг қызметінің ең танымал релизіне айналды.

Фильмнің саундтрегі де үлкен табысқа жетті: альбом Billboard 200 чартында бірінші орынды иеленді және кейбір әндер Billboard Hot 100 тізіміне кірді. Әзірге жалғасының кең ауқымды кинотеатрларда көрсетіле ме, жоқ па, белгісіз.

Бірінші бөлім АҚШ-та шектеулі мөлшерде көрсетілген және шамамен 25 миллион доллар табыс әкелген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » K-Pop пен демон аулаушылардың толықметражды фильмі 2029 жылы шығады