date

«Аватар: От пен күл» кассада баяу басталды

«Аватар: От пен Күл» кассада бәсең бастады

Джеймс Кэмерон түсірген кезекті блокбастер — «Аватар: От пен Күл» АҚШ прокатында алғашқы демалыс күндерін күткендей әсерлі бастай алмады. Фильмнің алғашқы апта соңында Америка нарығында жинаған табысы 88 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл нәтиже сарапшылар болжаған 100–130 миллион долларлық көрсеткіштен ғана төмен болып қоймай, франшизаның алдыңғы бөлімдерінің нәтижесінен де айтарлықтай аз болды.

Мәселен, екінші бөлім өзінің алғашқы демалыс күндерінде 134 миллион АҚШ долларын жинаған еді. Осы тұрғыдан алғанда, «От пен Күл» фильмінің бастау көрсеткіші кейбір сұрақтар туындатып отыр. Дегенмен, ішкі нарықтағы баяу қарқынға қарамастан, фильм халықаралық прокатта едәуір сенімді нәтижелер көрсетуде.

Әлемдік есепте алғашқы апта соңында фильмнің жалпы табысы 345 миллион АҚШ долларын құрады. Әрине, бұл екінші бөлімнің 435 миллион долларлық жаһандық дебютінен төмен, бірақ мұны толықтай сәтсіздік деп бағалау қиын. Әсіресе, фильмнің шамамен 400 миллион долларлық бюджетке ие екенін ескерсек, алдағы апталар шешуші рөл атқаратын болады.

Сарапшылардың пікірінше, «Аватар» франшизасы дәстүрлі түрде ұзақ мерзімді прокатта табысты болады. Бұрынғы екі бөлім де алғашқы апталардан кейін тұрақты түрде жоғары табыс әкеліп, жеті апта бойы кассаларда көшбасшы болып тұрған.

Қуаныштысы, көрермендердің пікірі оң. CinemaScore платформасында фильм «А» рейтингін алды. Бұл бағалау бірінші және екінші бөлімдерде де алынған болатын және әдетте фильмнің ұзақ уақыт бойы прокатта табысты сақталуын білдіреді.

Қорытындылай келе, «Аватар: От пен Күл» алғашқы қадамда күткендей жарылыс жасамаса да, оны әлі есептен шығаруға ерте. Негізгі күрес енді ғана басталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » «Аватар: От пен күл» кассада баяу басталды